Алматы сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:
Алматы — Республикалық маңызы бар қала. Алматы ауданы — Ақтөбе қаласындағы аудан. Алматы ауданы — Астана қаласындағы аудан. Алматы көшесі — Астана қаласының Есіл ауданындағы көше. Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 14 облыстың бірі. Алматы қонақ үйі — Алматы қаласындағы қонақ үй ғимараты (1967 жылы салынған). Алматы ФК — Қазақстан футбол клубы (қазір клуб жабылып қалған). Алматы (ХК) — Алматы қаласының Қазақстан мұзды хоккей чемпионатында өнер көрсететін кәсіпқой клуб. Үлкен Алматы шыңы – Іле Алатауындағы шың (абсолютiк биіктігі 3681 м.). Алматы (санаторий) — таза ауа, әсем табиғат, шипалы су және балшықпен емдейтін климаттық - бальнеологиялық санаторий. Алматы (ауыл) — Ақмола облысы Есіл ауданындағы ауыл.