II Абдолла Хан (өз. Abdulla II; 1534 жыл – 8 ақпан 1598 жыл) — Мәуереннаһр билеушісі (1583–1598).Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9 Бұхара хандығының 11-ханы.

Дешті Қыпшақ ханы Әбілқайырдың 12 ұлының бірі Қожа Мұхаммед, одан Жәнібек → Ескендір → Абдолла.

Шайбани әулетінен екі Абдолла шыққандықтан зерттеушілер оны II Абдоллах деп атаған.

II Абдоллах XVI ғасырдың 40-50 жылдарындағы Шайбани әулеті сұлтандарының билік үшін Орта Азияда жүргізген өзара күресіне араласып, Бұхарға әкесі Ескендірді хан етеді. Әкесінен кейін таққа өзі отырады. II Абдолла XVI ғасырдыңдың 2-жартысында жүргізген соғыстары «дербес ұлыстарды жинақтау» деген атқа ие.

Соғыс барысында ол Балхты (1573), Хисарды (1574), Самарқаны (1578), Ташкентті (1582), Бадахшанды (1584), Гератты (1588) басып алды. 1593.ж, 1594.ж, 1596 жылдардағы жорықтарының нәтижесінде Хорезмді бағындырды. 70-жылдардағы Ташкент билеушісі Баба сұлтанмен күресте қазақ ханы Ақназар (Хақназар) Абдолла Ханды қолдады. Баба сұлтан жеңіліп, Абдолла Ханмен келісім жасаған соң, Қазақ хандығы Ташкент билеушісіне қолдау көрсетті. Тәуекел хан тұсында (1582-98) Мауераннахр билеушісімен Сыр бойындагы қалалар үшін күрес өрбіді. Абдолла Хан Сібірдегі Көшім ханмен одақтасып қазақтарға қарсы саясат жүргізді.

Абдолла Ханға өзінің туған ұлы Абд әл-Мұмин қарсы шығып, жеңіске жетті. Абдолла Хан өлтіріліп, таққа баласы отырды. 6 айдан кейін Абд әл-Мұмин хан да өлтіріліп, Орта Азиядағы Шайбани әулетінің билігі толығымен жойылды. Абдолла Хан туралы Хафиз Таныштың «Шараф наме-ий шахи» немесе «Абдоллах наме» атты 16 ғ-дың соңында жазылған шығармасы бар.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Әдебиет Ахмедов Б.А. Орталық Азияның тарихи-географиялық әдебиеті, 16–18 ғғ. Жазбаша ескерткіштер. – Ташкент, 1985. Гафуров Б.Г. Тәжіктер. Ең көне, ежелгі және ортағасырлық тарих. – Душанбе, 1989. Қазақстан тарихы: Бес томдық. – 2-т. – Алматы, 1998.

Дереккөздер

Санат:Шайбани әулеті Санат:Түркі ақындары