Әділбек Қалибекұлы Алдабергенов (6 ақпан 1961, Жұлдыз ауылы, Катонқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақ, генерал-майор (7.5.2007).
Өмірбаяны Орта мектептен кейін жұмыс істеп, мерзімді әскери қызметін өтеген (1979-80). Рязань жоғары әуе-десанттық командалық училищесін (1984) М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны сырттай бітірген (1996). Ортаазия әскери округі әскерлері қолбасшысының қарамағына жіберіліп, 42610 әскери бөлімнің арнайы жасақталған тобының командирі Прикарпат әскери округі 186-ші арнайы мақсаттығы жеке жасақтын тобының командирі Ортаазия әскери округі 71170 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі Германиядағы кеңес әскерлері тобы п.п. 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған тобының командирі (1984-88) Германиядағы кеңес әскерлері тобы 83149 әскери бөлімінің арнайы жасақталған отряды арнайы жасақталған ротасының командирі 21208 әскери бөлімі арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары - штаб бастығы Приволжск-Орал әскери округі арнайы жасақталған бригадасы арнайы жасақталған отряд командирінің орынбасары - штаб бастыты ҚР ҚМ-нің қарамағында, жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальоны командирінің орынбасары жеке гвардиялық әуе-десанттық бригадасының парашют-десанттық батальон командирі жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы (1988-97) жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасының командирі Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы 14776 әскери бөлім басқармасының бастығы Ұтқыр күштер қолбасшысының орынбасары Ұтқыр күштер қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы (1997-2004) «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - «Шығыс» аймақтық қолбасшылығының штаб бастығы 14776 әскери бөлімнің командирі ҚР Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы (2004 - қазірге дейін).
Марапаттары «Қызыл Жұлдыз» ордені 2-дәрежелі «Айбын» ордені «Даңқ» ордені медальдармен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері Санат:Ауған соғысының (1979-1989) қатысушылары Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:М.В.Фрунзе атындағы Әскери академия түлектері