Қабылтау – Тоқсанбай жотасының солтүстік-шығысындағы тау массиві.
Географиялық орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 3900 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 10 км-ге созылған, енді жері 5-6 км. Таудың биік шыңдарында мұздықтар сақталған. Беткейлері тіктеу, терең шатқалдары өзен аңғарларымен тілімденген.
Геологиялық құрылымы Гранит, гранодиорит, әктас және сиениттен түзілген.
Өсімдігі Таудың қызғылт және альпілік шалғынның шымды күлгін топырағында қылқанды және жалпақ жапырақты орман өскен.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы