Ақдәнекер - таза күміске мыс қосып қорытқанда қосылатын ұнтақ үгінді. Негізінен медицинада қолданылатын борлы қышқылды қазақтар осылайша атаған (орысша - бура). Күміс бетіне Ақдәнекерді сепкеннен кейін белгілі тәртіппен қажетті түрлі өрнек, бедер жасайды, көбінесе сіркелейді, көз орнатады, алтын жалатады.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология