Қазыбек – Бозой үстіртінің оңтүстігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы Айдарлы ауылының оңтүстігінде 16 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 785 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған. Енді жері 2 км шамасында. Беткейі жайпақ, көктемгі еріген қар, жауын-шашын суларымен бастау алатын өзектер ағады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
Өсімдігі Сұр, сортаң топырақ жамылғысында жусан, изен, ебелек, т.б. өседі. Етегі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары