Қайыңды, Үлкен Қайыңды – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Қайыңдышоқ қонысы мен Қайыңды (1598 м) тауынан алып, Миролюбовка ауылынан төменде Бұқтырма бөгеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 58 км, су жиналатын алабы 604 км2. Жалпы ұзындығы 200 км болатын 70-тей саласы бар. Ірілері: Кіші Қайыңды, Поперечная, т.б. Раздольное ауылына дейінгі арнасы жонды-белесті, жарқабақты қырқалармен ағады. Жоғарғы алабының басым бөлігін Қайыңдышоқ орманды алқабы алып жатыр.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Көкпекті ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы