Қалмақжатқан – Солтүстік Балқаш маңындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Саяқ кентінен оңтүстік-батысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 589 м, ұзындығы 10 км, ендік жері 4 км.

Геологиялық құрылымы Девон жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Жер бедері Солтүстік беткейі көлбеулеу келген. Беткейінде Сарықамыс, Арқарсу, т.б. бұлақтар бар. Солтүстігінен Балқаш-Ақтоғай тау жоталары өтеді.

Өсімдігі Сортаңдау сұр қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, т.б. өседі. Етегі көктемгі, күзгі мал жайылымы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) таулары