Қаңсар – Нарын жотасындағы тау.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2065 м. Оңтүстігіндегі Күршім жотасынан Күршім өзенінің аңғары бөліп жатыр. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 3 км-дей. Солтүстік және шығыс беткейлері тік жартасты, оңтүстігі мен оңтүстік-батыс беткейлері көлбеуленіп Күршім өзенінің аңғарына ұласады. Беткейлерінен Күршім өзенінің салалары бастау алады.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы палеозойдың гранит, гранодиориттерінен түзілген.
Өсімдігі Шатқалдарында шырша, қарағай, қайың, терек орманы өскен. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы таулары