Қарабастұз – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы тұзды көл. Шаған кентінен оңтүстікке қарай 15 км жерде, теңіз деңгейінен 219 м биіктікте жатыр.

Аумағы Аумағы 7,5 км2, ұзындығы 5,2 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 12 км, ең терең жері 0,3 м, су жиналатын алабы 94 км2.

Жер бедері Көл жағалауы жазық, онда қамыс, құрақ өседі. Түбіне тұнба шөккен. Негізінен қар суымен толысады, жазда құрғап қалады. Суы шаруашылыққа, мал суаруға жарамсыз.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері