Қарабұға, Қарабұғы – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы жерімен ағады.
Бастауы Қарабұға Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі Тастау, Жалаулы тауларының солтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Қараой ауылынан батыста 7 км жерде Базар өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 128 км, су жиналатын алабы 2660 км2. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар, шатқалды, төменгі ағысында кеңейеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қызылқайың ауылына 25 км жетпей, Жылытау тауы тұсында 3,70 м3/с. Суымен егін суғарылады. Жайылмасы шабындық. Өзен бойында Ақсуат және Қаратал ауылдары орналасқан.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Тарбағатай ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы