Қаракөл – Қарағанды облысы Осакаров ауданының орталық бөлігіндегі тұйық көл.
Гидрографикасы Аумағы 7,2 км2. Теңіз деңгейінен 512,3 м биіктікте. Ұзындығы 4,6 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 12,5 км, ең терең жері 3 м. Қар, жауын-шашын және грунт суларымен толысады. Суы қарашада қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Суы тұщы, сәл сілтілі, мал және бау-бақша суғарылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Осакаров ауданы көлдері