Ақбұлқақ – Бұқтырманың оң саласы.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 57 км. Су жиналатын алабы 1050 км2.

Бастауы Қатын жотасындағы Мұзтаудың мұздықтарынан басталып, Берел (Бергіел) ауылының жанында Бұқтырма өзеніне құяды.

Гидрологиясы Басты салалары: Қараайрық, Балықтыбұлақ. Өзеннің арнасы тар, шатқалды, жарлы келеді. Жылдық орташа су ағымы 30,0 м3/с. Ақбұлқақ өте ағынды, жазда қатты тасиды, мал суаруға, ағаш ағызуға пайдаланылады. Қараша айының аяғында суы қатып, сәуір айында мұзы ериді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Катонқарағай ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы