Ақжар (1993 ж. дейін — ДальнийОб упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан) — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Қайыршақты ауылдық округі құрамындағы ауыл.Топонимика Казахстана. Издательство "Аруана" Алматы,2010

Географиялық орны Облыс орталығы – Атырау қаласынан солтүстікке қарай 8 км-дей жерде Жайық өзеніне жақын, Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жақын теміржол станциясы – Атырау (8 км-дей жерде).

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2406 адам (1179 ер адам және 1227 әйел адам) болса, 2009 жылы 3337 адамды (1609 ер адам және 1728 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 5815 адамды (2831 ер адам және 2984 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары thumb|солға|200px|С.Датов атындағы орта мектеп №26 С.Датов атындағы орта мектеп «Ақбөбек» бөбекжай-балабақшасы Дәрігерлік амбулаторияhttps://atyrautv.kz/kz/news/society/akzhar-auylynda-derigerlik-ambulatoriya-ashyldy Мәдениет үйі Музыка мектебі Спорт кешеніhttps://atyrautv.kz/kz/news/society/atyrau-zhene-akzhar-auylynda-sport-kesheni-boi-koterdi Әр-Рахман мешіті — 2023 жылы шілде айында ашылды. Қос қабатты зәулім мешіттің сыйымдылығы 500 адамға арналған. Құран оқу, ерлер және әйелдер бөлмесі, асхана таһаратханасы бар. Және имам үйі мен діни сауат ашу орталығы да жапсарлас орналасқан.АТЫРАУ: АҚЖАР АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер Ақжарда көптеген жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды. Олар: жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы, бөлшек саудада сату, тауарларға арналған пластмасса қаптамалар өндіру, жүк автомобиль көлігінің қызметі, мұнай мен табиғи газды өндіруге ықпал ететін қызметтерді көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары, құбырлардың құрылысы, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер, әрлеу жұмыстары, тамақ өнімдерін өндіру, компьютерлер мен жабдықтарды жөндеу т.б. бағыттарда қызмет көрсетеді.

Ауыл суреттері Ақжар ауылы. Жалпы көрінісі Ақжар ауылы Ақжар ауылы Ақжар ауылы орта|250px| орта|200px| орта|200px| орта|220px|

Елді мекендегі көшелер Ақжайық көшесі Асабай Хисметов көшесі Әшім Уәлиев көшесі Бауыржан Момышұлы көшесі Бейбітшілік көшесі Достық көшесі Жастар көшесі Құрманғазы көшесі Мөтиолла Маташов көшесі Сағидолла Нұржанов көшесі Сырым Датұлы көшесі

Дереккөздер

Санат:Атырау қалалық әкімдігі елді мекендері