thumb|right
Аққаңбақ Қазақ Энциклопедиясы(Gуpsophіla) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Еуразияның қоңыржай белдеулерінде, Африкада (Египетте), Австралия мен Жаңа Зеландия (бір-бір түрден) таралған.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 Қазақстанның барлық аймақтарында 20 түрі өседі. Әсіресе ең көп тараған түрі – шашақбас Аққаңбақ (G. panіculata). Ол шалғынды, құмды далаларда, өзен бойларында, сортаң жерлерде өседі. Биіктігі 20 – 100 см. Тамыры жуан. Тік бұтақталған дара, кейде бірнеше сабағы түзу болып келеді. Ұсақ ақ, шоғырланған гүлдері сыпыртқы тәрізденіп бытыраңқы орналасады. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Егістік орнына өскен Аққаңбақтан 1 га жерінен 40 – 50 ц шөп алынады. Аққаңбақтың тамырында ветеринария мен медицинада пайдаланылатын сапонин алкалоиды (30%-ға жуық) бар. Тамыр ұнтағы жүн жуу, сабын, шампунь өндіру өнеркәсібінде қолданылады. Шөбінің тұнбасы бауыр ауруын емдеуге пайдаланылады. Пішенін түйе мен қой сүйсініп жейді. Аққаңбақты әсемдік үшін қолдан да өсіреді.«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
Дереккөздер
Санат:Қалампырлар