Ақсарлы – Сарыарқаның орталық бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылының солтүстік-шығысында 7 км жерде. Абсолюттік биіктігі 995 м, ені 3 км. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Оқшау тұрған тау массивінің шығыс беткейі жайпақ, батысы тіктеу келеді, оңтүстік беткейінде тас қорымдары мол жиналған. Девон жүйесінің төменгі және ортаңғы бөлімінде түзілген.
Өсімдігі Тау жамылғысында жусан, сұлыбас, селеу, боз, бұталар өседі. Жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары