Ақсуат — Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданындағы ауыл, Ақсуат ауылдық округі орталығы, темір жол стансасы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Тимирязево ауылынан оңтүстікке қарай 22 км-дей жерде, Обаған және Есіл өзендерінің су айрығындағы дала белдемінде, Ақсуат көлінен оңтүстік-шығысқа қарай 7 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Іргесі 1958 жылы Жаңа Қорған- Пески (Новошиимский) темір жолын салуға байланысты қаланған. Ақсуат мал бордақылауға мамандандырылған “Целинное” бірлестігі мен ауылдық кеңестің орталығы болып келді. Мұнда бұрынғы кеңшар негізінде әртүрлі шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Элеватор, май зауыты, 8 жылдық мектеп, клуб, дәрігерлік пункт бар.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1653 адам (817 ер адам және 836 әйел адам) болса, 2009 жылы 1099 адамды (536 ер адам және 563 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Тимирязев ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері