thumb|Alt=A|Қарағанды облысы Ақшағыл полиметалл кен орны - Қарағанды облысы Шет ауданында орналасқан. Бұл жерден 1834-1918 жылы орыс және шет ел концессионерлері мыс, қорғасын, мырыш өндірген.
Геологиялық құрылымы Кен орны Балқаш көлінен солтүстікке қарай созылған Тасарал – Қызылеспе антиклинорийінің шығысын алып жатыр. Мұндағы кен линзалары ортаңғы палеозой гранитоидтары мен силурдың жанартаутекті-терригендік және карбонатты жыныстарының жапсарында қалыптасқан. Жапсарласу белдеміндегі тау жыныстары грейзенделген. Онда мөлшері жоғары вольфрам, қалайы түзілген. Ал әктастар мәрмәрға айналған жапсарда магнетит-магнезиалды скарндар пайда болған. Оларға шашыранды, сеппе не шомбал түрде кездесетін полиметалл кентастары шоғырланған.
Минералдары, құрамы Кентасты минералдардан халькопирит, галенит, сфалерит, пирит және висмут пен күшән минералдары, ал бейметалл минералдардан гранаттар, пироксендер, эпидот, везувиан, кальцит, кварц бар. Тотығу белдемінің минералдарынан малахит, хризаколла, брошантит, каламин, смитсонит кездеседі. Ақшағыл полиметалл кен орны барланған қорының аздығына байланысты өндіріске қосылмаған. Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы кен орындары Санат:Полиметалл кендері