Алакөл ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы — Үшарал қаласы.

Географиялық орны Аудан солтүстігінде Абай облысының Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарымен, батысында Сарқан ауданымен, оңтүстігінде Қытаймен шектеседі.

Жер бедері, су жүйесі Алакөл ауданы Балқаш-Алакөл ойысы мен Жетісу (Жоңғар) Алатауы аралығында орналасқан. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Шыбынды, Қайқаң, Жабық, Күнгей Тастау, т.б. жоталары алып жатыр. Ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. Бұл жерлерде аласа таулар (Арғанаты, Арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (Қарақұс, Сарықұм, Тасқарақұм) алып жатыр. Солтүстігінде Алакөл топ көлдері (Алакөл, Қошқаркөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл) орналасқан. Жетісу Алатауынан бастау алатын Лепсі, Тентек, Шынжылы, Көксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солтүстіктегі Алакөл, Сасықкөл көлдеріне құяды. нобай|Алакөл жағасынан тау сілемі (Ақши ауылы).

Климаты, топырағы, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Алакөл ауданының климаты тым континенттік, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. Жерінің басым көпшілігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. Құмды алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. Даласында жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлы орман қамтыған. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке кездеседі. Алакөл ауданына аумағы 12,5 мың га жерді алып жатқан Алакөл мемлекеттік сулы-сазды қорығы, жалпы аумағы 27 мың га болатын Тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауданы 32 мың га Лепсі қорықшалары кіреді. Кен байлықтарынан Андреев және Ілдерсай бентонитті кендері бар.

Ауыл шаруашылығы Алакөл ауданында суғармалы және тәлімі егін шаруашылығы дамыған. Онда негізінен астық тұқымдастар, техникалық дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. Алакөл ауданына пайдаланылатын жерінің аумағы 165,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 76,7 мың га, шабындығы 87,3 мың га, жайылымы 1,46 мың га. Аудан жерінен Ақтоғай-Достық темір жолы және Алматы – Өскемен автомобиль жолдары өтеді. Үшаралдан облыс орталығы — Алматы қаласына дейінгі қашықтық 570 км.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- том

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 15432 26413 43726 48452 51619 79773 69398 75554 Тұрғындар саны – 69679 (2019). ұлттық құрамы – қазақтар (84,74%), орыстар (13,64%), украиндар (0,01%), немістер (0,13%), шешендер (0,40%), татарлар (0,74%), ұйғырлар (0,07%), басқалары (0,27%).

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 56 елді мекен 23 ауылдық әкімшілік округ пен 1 қалалық әкімдікке біріктірілген:

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақжар ауылдық округі 2255 2182 96,8 1114 1112 99,8 1141 1070 93,8 Ақтүбек ауылдық округі 1239 1215 98,1 655 628 95,9 584 587 100,5 Арқарлы ауылдық округі 611 558 91,3 310 288 92,9 301 270 89,7 Бескөл ауылдық округі 7462 7910 106 3707 3897 105,1 3755 4013 106,9 Достық ауылдық округі 4819 6381 132,4 2384 3260 136,7 2435 3121 128,2 Екпінді ауылдық округі 2174 2134 98,2 1100 1092 99,3 1074 1042 97 Еңбекші ауылдық округі 1465 1249 85,3 731 669 91,5 734 580 79 Жағатал ауылдық округі 2038 2020 99,1 1042 1006 96,5 996 1014 101,8 Жайпақ ауылдық округі 1564 1629 104,2 794 852 107,3 770 777 100,9 Жанама ауылдық округі 2260 2043 90,4 1174 1036 88,2 1086 1007 92,7 Жыланды ауылдық округі 2151 1632 75,9 1120 821 73,3 1031 811 78,7 Көлбай ауылдық округі 2893 2771 95,8 1501 1448 96,5 1392 1323 95 Қабанбай ауылдық округі 6182 6711 108,6 3037 3361 110,7 3145 3350 106,5 Қайнар ауылдық округі 905 3076 339,9 478 1606 336 427 1470 344,3 Қамысқала ауылдық округі 930 841 90,4 493 438 88,8 437 403 92,2 Қызылащы ауылдық округі 1696 1717 101,2 886 889 100,3 810 828 102,2 Лепсі ауылдық округі 1442 1348 93,5 720 708 98,3 722 640 88,6 Сапақ ауылдық округі 1039 683 65,7 513 350 68,2 526 333 63,3 Теректі ауылдық округі 2192 1854 84,6 1116 949 85 1076 905 84,1 Тоқжайлау ауылдық округі 2682 2288 85,3 1353 1164 86 1329 1124 84,6 Үшарал қалалық әкімдігі 17265 21272 123,2 8530 10684 125,3 8735 10588 121,2 Үшбұлақ ауылдық округі 1298 835 64,3 662 440 66,5 636 395 62,1 Ынталы ауылдық округі 529 729 137,8 262 367 140,1 267 362 135,6 Ырғайты ауылдық округі 2307 2476 107,3 1154 1256 108,8 1153 1220 105,8 ЖАЛПЫ САНЫ 69398 75554 108,9 34836 38321 110 34562 37233 107,7

Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Үшарал 21122 Қабанбай 6605 Достық 6314 Бескөл 4355 Бұлақты 3375 Тоқжайлау 2288 Қазақстан 1956 Көктұма 1935 Теректі 1784 Ж. Балапанов 1717 Жайпақ 1629 Көлбай 1465

Дереккөздер

Санат:Алакөл ауданы