Алға ауданы – Ақтөбе облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс.

Географиялық орны Батысында Қобда, солтүстігінде Мәртөк ауданы мен Ақтөбе қаласы, шығысында Хромтау, оңтүстігінде Мұғалжар, Темір аудандарымен шектеседі. Аудан орталығы – Алға қаласы.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 33186 41154 38120 37921 39229 37004 38578 41142 Тұрғыны 40783 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (80,61%), орыстар (10,15%), украиндар (4,23%), немістер (1,08%), беларустар (0,20%), татарлар (0,78%), басқалары (2,95%).

Әкімшілік бөлінісі Аудандағы 30 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақай ауылдық округі Ақай ауылы 2 705 Алға қалалық әкімдігі Алға қаласы 1 22446 Бесқоспа ауылдық округі Есет батыр Көкіұлы ауылы 2 1666 Бестамақ ауылдық округі Бестамақ ауылы 2 4217 Қарабұлақ ауылдық округі Қарабұлақ ауылы 2 576 Қарағаш ауылдық округі Самбай ауылы 2 1236 Қарақобда ауылдық округі Қарақобда ауылы 3 609 Қарақұдық ауылдық округі Қарақұдық ауылы 3 1503 Маржанбұлақ ауылдық округі Маржанбұлақ ауылы 2 3732 Сарықобда ауылдық округі Сарықобда ауылы 2 776 Тамды ауылдық округі Тамды ауылы 3 2465 Тоқмансай ауылдық округі Қайнар ауылы 3 1224 Үшқұдық ауылдық округі Үшқұдық ауылы 3 1618

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Алға қала 22446 Бестамақ ауыл 3749 Маржанбұлақ (Прогресс) ауыл 3436 Тамды ауыл 2079 Есет батыр Көкіұлы (Павловка) ауыл 1603 Үшқұдық (Богословка) ауыл 1346 Қарақұдық ауыл 941 Қайнар (Октябрьское) ауыл 736 Самбай ауыл 695 Ақай (Ильинка) ауыл 590 Нұрбұлақ (Шибаевка) ауыл 541

Жер бедері Алға ауданының жері негізінен қыратты жазық (биіктігі 200 – 400 м). Солтүстік-батысында Тасқоралы тауы (биіктігі 386,7 м), оңтүстік-батысында Бесоба тауы орналасқан (биіктігі 324 м). Олардан басқа Аққұдық, Қарамең, Керуентау, Ақшоқы, Қайқы, Есет, Бесоба, Қаратөбе, Нартау, Тасшоқы таулары бар. Кен қазбаларынан тас көмір, мұнай, фосфорит, құрылыс материалдары, т.б. кездеседі.

Климаты Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардың орташа температурасы –15 – 16°С, шілдеде 22 – 23°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм шамасында.

Өзендері Аудан жерінен оңтүстікке қарай Елек, Сарықобда, Қарақобда және олардың салалары Тәңірберген, Талдысай, Батпақты, Сазды, т.б. өзендері ағып өтеді.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң қызғылт қоңыр болып келеді. Өсімдіктерден жусан, бетеге, боз шөптері өседі. Аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық; тұяқтылардан бөкен, елік; құстардан дуадақ, тырна, бүркіт, қаз, үйрек мекендейді. Ауданда ауыл шаруашылығы (астық) мен мал шаруашылығы (ірі қара, қой, жылқы, шошқа) жақсы дамыған. Минералдық тыңайтқыштар өндіретін Ақтөбе «Нитрохим», «Неохим» химия кәсіпорындары, нан, май зауыттары бар. Орынбор – Ташкент темір жолы, республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау автомобиль жолы аудан аумағынан өтеді.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алға ауданы