Ақмола облысы — Қазақстанның солтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлігі. 1939 жылы құрылған, 1961–1992 жылдары Целиноград облысы болып аталды.

Жер аумағы 146,2 мың км². Тұрғыны 738 611 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,05 адамнан келеді (2018) 2018 жылдың 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы халқының облыстар, қалалар және аудандар бойынша саны . Солтүстігінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. 10 қала, 13 кент, 245 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімшілік орталық – Көкшетау қаласы. Ақмола облысы Сарыарқаның солтүстік-батыс бөлігінде, Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі абсолюттік биіктігі 400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтүстігінде Көкшетау қыратының сілемдері (Сандықтау, Домбыралы, т.б. аласа таулар) орналасқан. Облыстың батыс, орталық, шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңтүстік-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы бар. Облыстың батыс жағында Есіл өзеніне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өзенінің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Оңтүстік-шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар тізбегінен (100 – 500 м) тұрады. Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр.Қазақ энциклопедиясы, Қазақстан Республикасы табиғаты

Кен байлықтары

Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі.

Климаты Климаты тым континенттік, қысы ұзақ (5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Қаңтардың орташа темпертурасы –16 – 18°С, шілдеде 19 – 21°С. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңтүстігінде 130 – 140 күн, солтүстігінде 150 – 155 күн жатады. Қардың орташа қалыңдығы 20 – 22 см. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 400 мм, оңтүстігінде 250 мм. Облыста солтүстіктен оңтүстіке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған.

Өзен-көлдері Ірі өзендері Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар, т.б. Ірі тұзды көлдері Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Астана және Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға 37 тоған салынған, жалпы су көл. Жалпы ауданы 180,6 млн м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толықтыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өзені арқылы 70 – 74 млн м3 Ертіс суы беріледі.

Флора мен фаунасы

Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б. өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көктерек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солтүстігіндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақкіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.), жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б., бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке, т.б. мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемлекеттік қорықтары бар. Облыста республика халқының 4,9%-ы тұрады. Солтүстік және орталық аудандарда халық жиі қоныстанған.

Қалалары мен өнеркәсібі Қалалары – Астана, Степногорск, Атбасар, Макинск, Ақкөл, Есіл, Ерейментау, Щучинск, Көкшетау . Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. Ауыл шаруашылық машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. Ауыл шаруашылық жері 12501,1 мың га, оның 4806,1 мың га-сы егістік, 287,8 мың га-сы шабындық, 72,2 мың га-сы жайылымдық (2006). Орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. Облыс аумағындағы темір жолдыңдың ұзындығы 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды – Астана – Павлодар темір жолдары, Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар, Астана – Алматы автомобиль жолдары өтеді.

Халқы Ақмола облысы халқының саны Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары және аудандары бойынша халық саны, 2003-2012

1970 1979 1989 1999 2003 2004 2005 2006 2007 970 604 979 646 1 061 820 836 271 748 167 748 930 747 185 746 652 748 559

2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020747 447 738 824 735 135 733 212 731 328 732 947 735 566 736 605744 420Жыл басындағы халық саны, Қазақстан Республикасының өңірлері, 2000-2020734 369738 942738 587736 735

Әкімшілік бөлінісі

+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Облыс аудандары мен қалалары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақкөл ауданы 27120 24808 91,5 13280 12479 94 13840 12329 89,1 Аршалы ауданы 27940 24573 87,9 13699 12518 91,4 14241 12055 84,6 Астрахан ауданы 27419 20281 74 13545 10044 74,2 13874 10237 73,8 Атбасар ауданы50981 44137 86,6 24671 22132 89,7 26310 22005 83,6 Бурабай ауданы73169 70834 96,8 34856 34154 98 38313 36680 95,7 Бұланды ауданы34815 29633 85,1 16801 14526 86,5 18014 15107 83,9 Біржан сал ауданы 17930 13613 75,9 8934 6806 76,2 8996 6807 75,7 Егіндікөл ауданы 6802 5468 80,4 3389 2783 82,1 3413 2685 78,7 Ерейментау ауданы31303 26710 85,3 15640 13438 85,9 15663 13272 84,7 Есіл ауданы27697 21319 77 13379 10422 77,9 14318 10897 76,1 Жақсы ауданы21107 16451 77,9 10394 8281 79,7 10713 8170 76,3 Жарқайың ауданы15423 13246 85,9 7510 6629 88,3 7913 6617 83,6 Зеренді ауданы40591 35625 87,8 20103 18182 90,4 20488 17443 85,1 Қорғалжын ауданы10289 7495 72,8 5135 3881 75,6 5154 3614 70,1 Сандықтау ауданы21521 17185 79,9 10468 8433 80,6 11053 8752 79,2 Целиноград ауданы52619 78806 148,1 26707 39730 148,8 26744 39409 147,4 Шортанды ауданы29580 27825 94,1 14494 13906 95,9 15086 13919 92,3 Көкшетау қалалық әкімдігі147295 187897 127,6 67487 88855 131,7 79808 99042 124,1 Қосшы қалалық әкімдігі5731 48963 992,7 2520 22014 873,6 2379 26616 1118,8 Степногорск қалалық әкімдігі68163 68126 99,9 31939 32821 102,8 36224 35305 97,5 ЖАЛПЫ САНЫ737495 782995 106,2 354951 382034 107,6 382544 400961 104,8

Ақмола облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінің солтүстістігінде Қазақтың аласа белді- бетегейлі даласы (Сарыарқа) мен Теңіз жазығының арасында орналасқан. 1939 жылдың 14 қазанында құрылған. Батысында Қостанай, теріскейінде Солтүстік Қазақстан, шығысында Павлодар, оңтүстігінде Қарағанды облыстарымен шектесіп жатыр. Көлемі- 146,2 мың шаршы км. Облыс халқының саны- 739,042 мың адам (1.07.2006 жылға дейінгі мәлімет). Облыс аумағының солтүстік бөлігін Көкшетау (Көкше тауы - 947 м), Жақсыжалғызтау (730 м), Жыланды (665 м), Зеренді (587 м) тауларымен бірге Көкшетау жотасының орта тұстары алып жатыр. Облыстың оңтүстік жағы - орташа биіктігі 300-400 метр болатын бұйратты, жон-жоталы жазық. Орталық бөлігінде Сандықтау, Домбыралы таулары орналасқан, оңтүстік-батысы Теңіз-Қорғалжын ойпатымен жалғасады. Ақмола облысының климатышұғыл континенталды, жазы ыстық та құрғақ болып келсе, қысы қатал.

Инвестициялық тартымдылығы Дамыған көлік-транзиттік әлеует Облыс аумағында Көкшетау халықаралық әуежайы, алты жолақты 205 шақырымдық Нұрсұлтан-Щучинск автобаны бар. Жыл сайын жергілікті автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуды қаржыландыру ұлғаюда. Облыстың дамыған темір жол желісі бар. Көкшетау қаласы арқылы темір жолдардың 4 тармағы өтеді. Облыста республика бойынша теміржолдардың ең жоғары тығыздығы – 1000 шаршы км аумаққа 10,66 км (ҚР бойынша орташа – 5,53). Өткізу нарықтарына қол жеткізу Облыс аумағында мемлекеттің астанасы – Астана қ. орналасқан. Облыс 4 өңірмен - Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарымен шектеседі. Ресей Федерациясының жақын аймақтары: Омбы, Новосибирск, Қорған, Челябинск, Түмен, Свердлов облыстары, оларға бір тәулік ішінде автомобиль көлігімен жетуге болады. Бай табиғи ресурстар Облыс пайдалы қазбаларға бай және Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінде жетекші орындардың бірін алып жатыр. Өңірде өзінің құрамы мен ауқымдылығы жағынан бірегей алтын қоры (Ақкөл, Астрахан, Біржан сал, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Шортанды аудандары және Степногорск қ.), уран (Ақкөл, Біржан Сал, Зеренді Сандықтау аудандары), молибден (Біржан Сал, Ерейментау, Сандықтау аудандары), техникалық алмас, каолин, мусковит және доломит (Зеренді ауданы), темір рудасы (Ақкөл, Біржан Сал, Жарқайың аудандары), тас көмір (Ерейментау, Ақкөл аудандары) жинақталған. пайдалы қазбаларды, минералдық сулары шоғырланған. Жалпы жер қоры-14,6 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары – 10,8 млн. га: егістік-6 млн. га, жайылым-4,4 млн. га. Орман қоры-522,7 мың га, су қоры – 201,2 мың га. Ауыл шаруашылығы Ақмола облысына астықтың 25% - дан астамы, сүттің 7% - ы, еттің 8% - ы және республикада өндірілетін жұмыртқаның 16% - ы келеді. Елдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудегі облыстың үлесі шамамен 10% құрайды. Ақмола облысы республикада - ел бойынша ең үлкен астық жинау сынағы-4,8 млн. га, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар-4,4 млн. га. Астықтың орташа жылдық өндірісі 5,0 млн.тоннаны құрайды, астықтың орташа жылдық экспорты – 2 млн. тоннаны құрайды, соңғы 3 жылда өсімдік шаруашылығының үлесі орта есеппен 70% құрады. Облыстың барлық өңірлерінде мал шаруашылығын дамыту үшін мүмкіндіктер бар. Инвестицияларды тарту үшін ең перспективалы-Аршалы, Атбасар, Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Целиноград аудандары. Өнеркәсіп Өнеркәсіп секторында облыс құрамында алтын бар кендерді, уранды, машина жасауды, химия өнеркәсібін өндіруге маманданған. Ақмола облысына елде өндірілетін темір жол подшипниктерінің 100% - ы, жүк автомобильдерінің 36,3% - ы, өңделмеген алтынның 30,2% - ы, өңделген сүттің 12,1% - ы және ұнның 9% - ы келеді. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында негізгі үлесті өңдеу өнеркәсібі алады - 80,4%, онда 533,1 млрд.теңгеге өнім өндірілді. Өңірдің өңдеу өнеркәсібі тамақ өнімдерін өндірумен, жеңіл және химиялық өнеркәсіптермен, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндірумен, өзге де металл емес минералды өнімдерді өндірумен, түсті металлургиямен және машина жасаумен қамтылған. Өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындары «Көкшетауминводы» АҚ алкогольді және алкогольсіз сусындарды шығару зауыты, «Altyntau Kokshetau» АҚ алтын өндіру фабрикалары, «Қазақалтын» ТКМК» АҚ, «Kazakhaltyn Technology» ЖШС, «Агрофирма TNK» ЖШС ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу компаниясы, «ЕПК-Степногорск» АҚ подшипник зауыты болып табылады. Туризм Ақмола облысы Қазақстан Республикасының туристік аймағы көшбасшыларының бестігіне кіреді.