Алматы асуы – Іле Алатауындағы асу.

Жер бедері Теңіз деңгейінен 3599 м биіктікте орналасқан. Іле Алатауының солтүстігіндегі Үлкен Алматы өзенінің саласы – Проходнаяның бастауы мен оңтүстігінде Шоң-Кемін (Қырғызстан) өзенінің оң саласы – Алматы өзенінің бастауы аралығын қосып жатыр. Жол 1850 м биіктіктен өтеді.

Өсімдігі Асу орманды белдеммен, ал ең жоғары шегінде альпілік шалғынды жазықпен ұласады. Алматы асуының оңтүстігінде шыңдарын қар мен мұз басқан Күнгей Алатауы орналасқан.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Алматы облысы асулары Санат:Іле Алатауы