Алтыайғыр – Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 75 км жерде, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан тау.

Географиялық орны Ақмола облысы Целиноград ауданында. Абсолютiк биіктігі 377 м. Беткейі жазық, ұзындығы мен ені 2,5 – 3 км.

Геологиясы Ортаңғы ордовик жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Тау баурайы сортаңдау. Қара қоңыр, сортаң топырағында шөптесін өсімдіктер өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Целиноград ауданы таулары