Алюминий ашудастары – күкірт қышқыл алюминий мен бір валентті сілтілік металдар қостұздарының кристалл огидраттары. Мысалы, K2SO4·Al2(SO4)3· ·24H2O. Алюминий ашудастары – түссіз кристалды зат, суық суда нашар, ыстық суда өте жақсы ериді; ерітіндіде құрамындағы барлық иондарға диссоцияланады. Алюминий ашудастары боксит не сазға ыстық күкірт қышқылын құйып, ол ерітіндіге сульфат қосу арқылы алынады. Мата бояуда басытқы есебінде, тері илеуде, медицинада, т.б. қолданылады. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;
Сілтеме
Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Химия