Арам жуа«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; , Каспий жуасы () – амариллистер тұқымдасының жуа туысына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанда Торғай, Сарыарқа, Атырау, Ақтөбе, Арал және Каспий маңы, Қызылорда, Мойынқұм, Қызылқұм, Шу, Іле тауы, Қаратау аймақтарының құмды шөлдерінде өседі. Биіктігі 10 – 30 см. Жуашығы домалақ, көлдеңесі 2 – 4 см, қара сұр қабықпен қапталған. Төрттен бір бөлігі жапырақ қынабымен көмкерілген. Гүлшатыршасы домалақ, көп гүлді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – қауашақ тәріздес. Арам жуаның құрамында сапонин көп. Сондықтан ол улы келеді. Құм тоқтату үшін өсіріледі.Қазақ энциклопедиясы I том
Сілтемелер АРАМЖЕБІР
Дереккөздер
Санат:Амариллистер