Артыбек — Найзакескен қыстауының солтүстік-шығысында 6 км жердегі көл.

Гидрографикасы Аумағы 5,5 км2. Теңіз деңгейінен 182,0 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,9 км, енді жері 2,0 км, жағалау бойының ұзындығы 10,9 км. Көл табанында қалыңдығы 0,4 м тұнба шөккен. Жағалауын қамыс басқан. Аңғарының біршама жері жыртылған.

Санат:Сарыкөл ауданы көлдері