Астаусор – Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Басқұдық ауылының батысында 28 км жердегі көл. Өтек көлдері құрамында.
Гидрографикасы Аумағы 3,5 км2. Теңіз деңгейінен 222,3 км биіктікте жатыр. Дөңгелек пішінді көлдің ұзындығы 2,2 км, енді жері 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 6,8 км. Жағалауы ашық және жазық. Жауын-шашын, қар суларымен толысады. Жаз айларында құрғап сор батпаққа айналады.
Санат:Әйтеке би ауданы көлдері