Аурукеткен – Мұзбел жонының оңтүстігінде Құланөтпес өзенінің аңғарындағы шоқы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Абсолютiк биіктігі 457 м. Шоқының маңайынан су құбырлары жүргізілген. Көлді-аллювийлі жазықтағы қоңыр топырағында жусан басым астық тұқымдас шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары Санат:Қазақстан шоқылары