Ащықарасу – Сарысу алабындағы өзен, Атасу өзенінің сол саласы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет және Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 40 км.
Бастауы Тасқаралы және Қушоқы тауының беткейінен ағып шығатын бұлақтардың қосылуынан құралады. Айшырақ ауылы тұсында Атасу өзеніне құяды.
Гидрологиясы Өзен жағасы жарқабақты. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде арнасы толып тасиды. Жылдың қалған айларында қарасуларға бөлініп, тартылып қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады, өзен алабында мал қыстатылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы