Ащысай, Ащысай-Өлеңті – Жайық алабындағы өзен, Өлеңті өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 1510 км².
Гидрологиясы Арнасы кең, жағасы жайпақ, ағысы баяу. Жауын, қар, жер асты суларымен толығады. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 17 саласы бар. Қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Көктемде тасыған су шабындықтарды көлдетіп суғаруға, ал тоспалар мен қарасулар жазда жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері