Әжімбай – Қараөзен алабындағы канал.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Казталов, Жаңақала аудандарында орналасқан.

Гидрологиялық сипаты Ұзындығы 55 км. Бастауын Фурманов каналы арқылы Көшім өзенінен алып, Қараөзен өзеніне құяды. Каналдың бойында Жас, Қорған, Жұмағұлқұдық, Батырбай, Қарамыс, Шөкей ауылдары бар. Сонымен қатар каналдан Талдыапан, Аққұс, Атақұдық, Талсай, Қайшақұдық ауылдарына арықтар тартылған. Әжімбай каналы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Батыс Қазақстан облысы каналдары