Байдәулет – Қарағанды облысы Абай ауданының шығысындағы тау. Спасск елді мекенінің оңтүстік-батыс жағында 5 – 6 км жерде орналасқан. Ең биік жері 815 м.
Жер бедері Солтүстік-батыс беткейі құламалы жартасты, оңтүстік-шығысы жайпақ келген. Солтүстігінен Көкөзек өзені, оңтүстігінен Бауырөзек өзені бастау алады.
Геологиялық құрылымы Тау элювийлі-делювийлі шөгінділер жауып жатқан ордовиктің гранитоидты жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр және сортаң топырағында бетеге, көде, тобылғы өседі. Етегінде көптеген бұлақтар бар.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Қарағанды облысы) таулары