Бақсай – Жайық өзенінің оң тармағы. Зерттеушілер О.Т.Молчанова, Ғ.Қоңқашбаев, М.Жолжанов, М.Қожанұлы бұл атауды қалмақша «бақ» - кіші және «сай» - өзен сөздерінен құралған деп есептейді. Бірак Е. Қойшыбаев «бақ» (ағаш) және сай, яғни бақша ағашты сай деген сөзден шығуы мүмкін деген пікір де айтады. Сонау 1834 жылы Ф.Гебель экспедициясы сызған картада Бақсай өзені мен Сарайшық арасында жүзім бағының қалдығы көрсетілген. Атау екі зат есімнің бірігуінен жасалған.

Географиялық орны Атырау облысы Махамбет ауданы арқылы ағады. Ұзындығы 106 км, су жиналатын алабы 1204 км2.

Бастауы Жалғансай ауылы тұсында Жайықтан бөлініп шығып, Каспий теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Батыс жағасы тік жарлы, шығысы жайпақ. Сәуір – мамыр айларында арнасы суға толығады. Осы мезгілдегі су ағымы 60 м3/с-қа дейін жетеді, орташа жылдық су ағымы 0,8 – 1,5 м3/с. Суы қараша айының соңында қатып, сәуірдің басында ериді. Жайылымдарды суландыруға, егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында Бақсай суландыру жүйесі салынған.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Махамбет ауданы өзендері