Барқытжапырақ, мысық жалбыз () – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.
Ботаникалық сипаты thumb|left|180px| Сабағы жоғары қарай бұтақталып өседі. Биіктігі 4 – 80 см. Жапырақтары бүйрек немесе жүрек тәрізді. Гүлдері үштен жарты шатыршалы сабақ жапырақтарының қолтығынан шығады. Тостағанша жапырақтары түтік не қоңырау тәрізді, күлтесі көкшіл түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – жылтыр жаңғақша, ашық қоңыр түсті. Барқытжапырақтың құрамында эфир майы мен илік заттар болады, мал жемейді.
Өсетін жері мен таралу аймағы Еуразияның орманды аймақтарында кездесетін 12 түрі белгілі. Қазақстанда ылғалды жерлерде, ормандарда өсетін 1 түрі – шырмауық барқытжапырақ (Glechoma hederaceae) бар.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Еріндігүлділер Санат:Қазақстан флорасы