Баттауық () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы. Оның жұмыр баттауық немесе тышқанқұйрық баттауығы (І. сylіndrіca) деген бір түрі Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Биіктігі 30 – 125 см, жатаған өркенді өсімдік. Сабағы түксіз, майда болады. Түбіндегі жапырақтары қалың таспа тәрізді жалпақ, ал сабақ бойындағы жапырақтары жіңішке түтік пішінді келеді, тілшесі өте қысқа. Гүлшоғыры күміс сияқты жылтыр, ұзындығы 5 – 10 см. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Баттауық – сәндік өсімдік; жылтыр ақ масақтары гүлшоғыр жасау үшін пайдаланылады. Шөлді аймақтарда гүлдегенге дейін мал азығы үшін жиналады. Сабағын әр түрлі өрме заттар жасауға қолданады. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Сілтеме Wydział Nauk Biologicznych

Санат:Астық тұқымдасы