Бәбісек, сасық көкек () – көкқарғатәрізділер отрядына жататын құс.
Қазақстанның барлық жерінде дерлік кең таралған шөлді, далалы өңірде өзен-көлге, т.б. су маңына жақын жерлерді мекендейді. Дене тұрқы 25 – 28 см, салм. 70 г-дай. Тұмсығы жіңішке, ұзын, желпуіш тәрізді жазылатын айдары бар. Түсі алабажақ болғанымен, өте тартымды, бүйіріндегі көлденең жолақтар бозғылт қара түспен алмасып, бауыр жағы қызғылт сары түсті болып келеді. Бәбісек – жыл құсы, ақпанның аяғы, наурыздың басында ұшып келіп, тас арасына, үй шатырына ұялайды. Мекиені 3 – 12 жұмыртқасын 16 – 18 күн басады. Балапандарын аталығы жемдейді. Қарашаның басында жылы жаққа ұшып кетеді. Б. жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. Етінің жағымсыз иісі бар. «Сасық көкек» деп аталуы осыған байланысты болу керек.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтеме Бәбісектің әні
Санат:Көкқарғатәрізділер