Белое (Большое Белое) – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Петропавл қаласынан 7 км солтүстік-шығысқа қарай орналасқан көл.

Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 128,9 м биіктікте. Аумағы 10,03 км2. Ұзындығы 4,5 км, енді жері 3,2 км. Есіл өзенінің алабында орналасқан. Жаз айларында көл аумағы бірқалыпты деңгейін сақтайды. Қар және жауын-шашын суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуір – мамырда мұзы ериді. Суы кермек, тұтқыр, аздап сілтілі келген.

Өсімдігі Көл жағалауында бұта аралас емен, қайыңнан тұратын орман, қара топырақты шалғындарда астық тұқымдас шөптесіндер өседі.

Санат:Қызылжар ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері