Бақа түйме - қазақ әйелдерінің ұсақ-түйек әшекейлерінің жалпы атауы. Қазақы ортада өз шеберлері жасаған зергерлік әшекейлермен қатар, көршілес елдерден — Ресейден, Бұқардан, Самарқаннан, Қытайдан да сатып алынған әшекей бұйымдарды пайдаланды. Бұл заттарды қазақ ауылдарының арасында бақалшылар деп аталатын саудагерлікті кәсіп еткен адамдар сатып отырды. Бақа түйме атауы саудагердің бақалшы атымен байланысты қалыптасса керек. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология