Берлин отқа төзімді кентас орны - Қазақстанның (Қостанай облысы) Ресеймен шекаралас жерінде орналасқан. Кен орны 1950 –1953 және 1975-1980 жылдары барланған.

Геологиялық құрылымы Пайдалы қабаты горизонталь бағытта орналасқан миоценнің терригендік шоғырының құм-сазды түзілімдерінде орналасқан.

Сипаты Ақ, ақшыл сұр түсті сазы майлы, жабысқақ келеді. Отқа төзімді саздар ұзындығы 18 км, ені 4-9 км болатын ірі шоғырларды құрайды. Орташа аршылым қуаттылығы 3,4-7,1 м. Кен орны өнімдерінен отқа төзімді шамотты бұйымдар, қышқылға төзімді тақтатастар мен кірпіштер дайындалады. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қостанай облысы кен орындары