Бесмұрын – Шығыс Қаратаудың оңтүстік-шығысындағы тау.

Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 292 м. Шығысы мен батысы сайлы-жыралы, жарқабақты. Оңтүстігінен Шетпе – Үштаған автомобиль жолы өтеді.

Өсімдігі Беткейінде жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, баялыш өседі.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Маңғыстау ауданы таулары