Бесшоқы – Шығыс Қаратауды ұзына бойлап жатқан шоқылар сілемі. Маңғыстау тауларының ең биік жері.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 556 м. Топырағының беткі жағы сарғыш түсті кебір, астыңғы қабаты ақ. Беткейі тақыр, шоқы ұштары сүйір болып келген.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау ауданы таулары