Борау - ағаш үй тұрғызу. Ағаш үйді балташылар бөренелерді қиып, жонып, екі бетін тегістеп, екі шетін кертіп ойып, бір-біріне кіріктіріп ұстастыру арқылы тұрғызған. Үй борап біткен соң, еденін тақтайдан салып, қабырғаларына сылақ жүргізіп, әктеп ағартып қояды. Ал соқпа, сазды сабанмен араластырылған материалдан үй тұрғызуды үй салу деп атайды. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Мәдениет Санат:Терминология