Бипан , паррия (Parrya) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Олар таулы аймақтардың биік беткейлерінде өседі. Жапырақтары бүтін жиекті немесе қауырсын тілімді. Тостағанша жапырақтары шашыраңқы. Күлтесі ірі, ұзын, күлгін көк, қызғылт не ақ түсті. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ұзынша бұршаққынша. Тұқымдары әрбір ұяда екі қатарда, сирек бір қатарда орналасады. Олар жалпақ, қанатты, араларында қанатсыздары да болады. Бипанның 4 түрі эндемик түр болып саналады. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер

Сілтеме орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер

Санат:Орамжапырақтар