thumb|Falco vespertinus
Бөктергі Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. — Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3()— сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанның орманды дала аймақтарында, Жайық, Ертіс бойында мекендейді, Алтайда да ұшырасып қалады. Байқал көлінен Приморьеге дейін амур бөктергісі кездеседіОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3. Дене тұрқы 30 см-дей, салмағы 130 — 200 г. Арқа қауырсындары қара-көкшіл, сұр келеді. Қанаттарының ішкі жағы көлденең ақ жолақтармен көмкерілген. Тұмсығының түбі сары болады. Бөктергі — жыл құсы. Қазақстан жеріне наурыз — сәуір айларында ұшып келеді. Ағаш басындағы ұяларына 2 — 6 жұмыртқа салып, 28 күннен кейін балапандарын басып шығарады. Қыркүйек — қазан айларында қыстау үшін тропиктік аймақтарға ұшып кетеді. Олар шегіртке, қоңыз, инелік және олардың дернәсілдерімен, кейде ұсақ кеміргіштер мен кесірткелермен де қоректенеді. Көбіне жемін ұшып жүріп аулайды. Орман алқаптарындағы зиянды жәндіктермен қоректеніп, пайда келтіреді.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сұңқарлар