Бұғыты – Іле Алатауының солтүстік-шығысындағы тау сілемі.

Географиялық орны Алматы облысы Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары жерінде жатыр. Бұғыты таулары Үлкен және Кіші Бұғыты атты екі тау сілемінен құралған. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы 70 км-ге созылған, енді жері 40 км. Абсолюттік биіктігі 1816 м (Үлкен Бұғыты тауы).

Геологиялық құрылымы Тау тас көмір және пермь кезеңдерінің интрузивтік тау жыныстарынан түзілген. Мұнда вольфрам кен орны ашылған.

Климаты Климаты тым континенттік, ауаның орташа температурасы қаңтарда –90С, шілдеде 240С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 400 мм.

Топырағы, өсімдігі Топырағы бозғылт сұр, кей жерлерінде ақшыл қоңыр түсті. Тау беткейінде бұйырғын, тасбұйырғын, баялыш, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы таулары Санат:Ұйғыр ауданы таулары Санат:Іле Алатауы