Быковка – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 565 км2.
Бастауы Бастауын Жалпы Сырт қыратынан алып, Ақсай ауылы тұсында Жайыққа құяды.
Гидрологиясы Аңғары тар, жағасы тік жарлы. Жайыққа құяр жерде кең жайылымға ұласады. Қар суымен толығады. Суы егістікті суғаруға, шаруашылық қажетіне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Бәйтерек ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері