Вадоз сулары – қар, жаңбыр, өзен, көл, теңіз суларының әр түрлі таужыныстарға сіңуінен пайда болған, табиғаттағы су айналымына қатысатын жер асты сулары.Қазақ Энциклопедиясы Жер бетіне таяу жатқан топырақ, грунт, артезиан сулары түгелінен, тым терендегі сулар мен гейзерлердің негізгі бөлігі вадоз суларына жатады. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда Қазақстандағы Вадоз суларының жылдық мөлш. 35 – 40 млрд. м3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.

Дереккөздер

Санат:Геология Санат:Қазақстан табиғаты Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы