Дәмдісу – Тобыл өзенінің төменгі ағысындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданы жерінде орналасқан. Қазанбасы шоқ тоғайлы-батпақты алқаптың батысында, Евгеньевка аулынан 3 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 157 м.

Гидрографикасы Аумағы 10,7 км2, ұзындығы 5,9 км, ені 3 км. Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. Қараша – сәуір аралығында суы қатады.

Жағалау сипаты Жағасы жайпақ, шығыс жағы жарқабақты. Шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады. Суы тұщы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Бейімбет Майлин ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы