Денисов ауданы — Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы — 6,8 мың км². Аудан орталығы — Денисовка ауылы.
Географиялық орны Шығысында Бейімбет Майлин, оңтүстігінде Жітіқара, Қамысты аудандарымен, солтүстігі мен батысында Ресей Федерациясымен шектеседі.
Жер бедері Аудан жері жазық, шығысқа қарай еңіс келетін Орал сырты үстірті мен Торғай Үстіртінің солтүстік тұсын алып жатыр. Кен байлықтарынан құрылыстық тас, әктас кездеседі.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты шұғыл континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардағы ауаның орташа температурасы — -17…-18°С, шілдеде — 19…21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250–300 мм. Басты өзендері: Тобыл, Әйет және оның салалары — Қарағайлыәйет және Қамыстыәйет. Тобыл өзенінде Жоғарғы Тобыл бөгені, Қамыстыәйет өзенінде Қамысты бөгені салынған. Ірі көлдері: Жақсы Алакөл, Светлое, Шыбындысор және Айқоныс. Ауданының жері, негізінен, қара және қызыл қоңыр топырақты, сортаң топырақтар да кездеседі. Өсімдігі жусан аралас қау мен селеу, бетеге аралас далалық шөптерден тұрады. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, сарышұнақ, қосаяқ; құстардан қаз, үйрек, аққу, тырна, қызғыш, бозторғай, т.б. мекендейді.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 23065 32697 37420 33612 34718 29333 21912 17571 Тұрғындар саны – 18 376 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 27,20%, орыстар – 39,43%, украиндар – 16,29%, немістер – 7,43%, беларустар – 2,86%, татарлар – 1,59%, башқұрттар – 0,91%, әзербайжандар – 0,83%, басқа ұлт өкілдері –3,45%.
Әкімшілік бөлінісі 26 елді мекен 2 ауылдық әкімдік пен 10 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Архангель ауылдық округі Жалтыркөл ауылы 2 950 Аршалы ауылдық округі Аршалы ауылы 4 957 Әйет ауылдық округі Әйет ауылы 2 1167 Глебов ауылдық әкімдігі Глебовка ауылы 1 539 Денисов ауылдық округі Денисовка ауылы 3 6129 Красноармейский ауылдық округі Фрунзе ауылы 3 1556 Қырым ауылдық әкімдігі Қырым ауылы 1 674 Перелески ауылдық округі Перелески ауылы 1 1457 Покров ауылдық округі Покровка ауылы 2 459 Приречен ауылдық округі Приреченка ауылы 2 886 Свердлов ауылдық округі Свердловка ауылы 3 698 Тельман ауылдық округі Антоновка ауылы 2 1448
Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Денисовка 5186 Перелески 1457 Фрунзе 1194 Антоновка 1081 Әйет 725 Крымское 664 Свердловка 625 Жалтыркөл 604 Некрасовка 591 Приреченка 557 Глебовка 539
Шаруашылығы Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумағы — 452,5 мың га, оның ішінде 329,7 мың га егістік, 116 мың га жайылым бар. Денисов ауданы арқылы батыстан шығысқа қарай Ақмола – Қарталы темір жолы, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Қостанай – Жітіқара темір жолы, сондай-ақ республикалық маңызы бар Қостанай – Рудный – Тобыл – Жітіқара автомобиль магистралі өтеді. Аудан ішіндегі елді мекендер автомобиль жолдары арқылы байланысқан.
Дереккөздер
Санат:Денисов ауданы