Ебелектің елу аңғары – Маңғыстау облысы Оңтүстік Үстірттегі Оғыланды тауының шығысындағы аңғар.
Жер бедері Өзеннің ұзындығы шамамен 30 – 40 км. Үстірт қырына сұғына еніп жатқан бірнеше аңғар Ақса, Қызылсай ауылдарынан басталып, Басқараған құдығына дейін жетеді. Етегіндегі негізгі су көздері: Несібектің Жаңасуы, Қызылсай, Бас Қараған. Қыр үстіне негізінен бұйырғын, ебелек өседі. Қазан айынан бастап қаңбақ болған ебелек желмен ұшып аңғарлар табанына толып, қыста тебіндеген жылқының азығына айналады. Ебелектің елу аңғары деп аталуы осыған байланысты.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы географиясы Санат:Қазақстан аңғарлары